
Кентау қа

ласындағы №14 «Әл-Фараби» мектеп-гимназиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушыларының облыстық ғылыми жоба жарысы өтті.

Конкурстың мақсаты — оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Жас ғалымдар байқауына аудан аумағындағы мектептерден облыстық сараптамадан өткен, үздіктердің үздігі атану үшін облыстық кезеңге 9-11 сынып аралығындағы 20-дан аса оқушы, 21 жоба жұмысы қатыстырылды.

Конкурстың қорытындысы бойынша, Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» I дәрежелі дипломымен «Жер және ғарыш» секциясы бойынша №27 «Шәкәрім» ЖББМ 9-сынып оқушысы Зайнаб Жорабек марапатталды. Жетекшісі –Ханходжа Әсия.

Техника секциясынан №17 «Ы.Алтынсарин» ЖББМ 9-сынып оқушылары Қыдырбай Заңғар мен Дабылов Жандәулет жүлделі II орынды еншіледі. . Жетекшісі — Әзімхан Аружан.

Математика секциясы бойынша №27 «Шәкәрім» ЖББМ 11 және 9-сынып оқушылары Сейдикарим Сымбат пен Умуркулова Балкен II орынға жайғасты. Жетекшісі — Жұмаділлә Жанерке.

III дәрежелі дипломмен 8 оқушы марапатталды:

Физика секциясынан: Серікбаев Абзал, №55 «О.Жәутіков» ЖББМ 11-сынып оқушысы.

Техника секциясынан: Елікбай Байбек, №52 «М.Өтемісұлы» ЖББМ 9-сынып оқушысы. Жетекшісі: Аскарова Назыгул.

Қолданбалы математика секциясынан: Мухадинова Мадина, №31 «Т.Бигелдинов» ЖББМ 10-сынып оқушысы. Жетекшісі: Шалданбаева Жанат.

Қолданбалы математика секциясынан: Таубай Нұрсұлтан, №7 «Төле би» ЖББМ 9-сынып оқушысы.
Информатика секциясынан: Арапбай Айша, Барат Нұрзат,

№75 «Ж.Жабаев» ЖББМ 9 және 11-сынып оқушылары. Жетекшісі: Сейдахметова Гулшарат.

Биология секциясы бойынша: Бағысбай Жансая, №54 ЖББМ 10-сынып оқушысы. Жетекшісі: Турдыкулова Жанар.

Тіл білімі (қазақ тілі) секциясынан: Омар Фариза, №41 «А.Асанов» ЖББМ 9-сынып оқушысы. Жетекшісі: Битемирова Шолпанкул.

Абдулла Мадина, Рахманберді Айзада, №27 «Шәкәрім» ЖББМ 9-сынып оқушылары. Жетекшісі: Темірбай Гүлжан.
Жобаларды қорғау кезеңі бойынша жеңімпаз атанған озат оқущыдарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің баспасөз қызметі