ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

⚜️Кентау қаласындағы №14 «Әл-Фараби» мектеп-гимназиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушыларының облыстық ғылыми жоба жарысы өтті.
📌Конкурстың мақсаты — оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
♻️Жас ғалымдар байқауына аудан аумағындағы мектептерден облыстық сараптамадан өткен, үздіктердің үздігі атану үшін облыстық кезеңге 9-11 сынып аралығындағы 20-дан аса оқушы, 21 жоба жұмысы қатыстырылды.
🏆Конкурстың қорытындысы бойынша, Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» I дәрежелі дипломымен «Жер және ғарыш» секциясы бойынша №27 «Шәкәрім» ЖББМ 9-сынып оқушысы Зайнаб Жорабек марапатталды. Жетекшісі –Ханходжа Әсия.
🥈Техника секциясынан №17 «Ы.Алтынсарин» ЖББМ 9-сынып оқушылары Қыдырбай Заңғар мен Дабылов Жандәулет жүлделі II орынды еншіледі. . Жетекшісі — Әзімхан Аружан.
🥈Математика секциясы бойынша №27 «Шәкәрім» ЖББМ 11 және 9-сынып оқушылары Сейдикарим Сымбат пен Умуркулова Балкен II орынға жайғасты. Жетекшісі — Жұмаділлә Жанерке.
🥉III дәрежелі дипломмен 8 оқушы марапатталды:

Физика секциясынан: Серікбаев Абзал, №55 «О.Жәутіков» ЖББМ 11-сынып оқушысы.
🥉Техника секциясынан: Елікбай Байбек, №52 «М.Өтемісұлы» ЖББМ 9-сынып оқушысы. Жетекшісі: Аскарова Назыгул.
🥉Қолданбалы математика секциясынан: Мухадинова Мадина, №31 «Т.Бигелдинов» ЖББМ 10-сынып оқушысы. Жетекшісі: Шалданбаева Жанат.
🥉Қолданбалы математика секциясынан: Таубай Нұрсұлтан, №7 «Төле би» ЖББМ 9-сынып оқушысы.
Информатика секциясынан: Арапбай Айша, Барат Нұрзат, 🥉№75 «Ж.Жабаев» ЖББМ 9 және 11-сынып оқушылары. Жетекшісі: Сейдахметова Гулшарат.
🥉Биология секциясы бойынша: Бағысбай Жансая, №54 ЖББМ 10-сынып оқушысы. Жетекшісі: Турдыкулова Жанар.
🥉Тіл білімі (қазақ тілі) секциясынан: Омар Фариза, №41 «А.Асанов» ЖББМ 9-сынып оқушысы. Жетекшісі: Битемирова Шолпанкул.
🥉Абдулла Мадина, Рахманберді Айзада, №27 «Шәкәрім» ЖББМ 9-сынып оқушылары. Жетекшісі: Темірбай Гүлжан.
Жобаларды қорғау кезеңі бойынша жеңімпаз атанған озат оқущыдарды жеңістерімен құттықтаймыз!
🖋️Сарыағаш ауданы білім бөлімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *