ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР БОЙЫНША ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, №36 Қ.Тоқмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектебінде аймақтық семинар өтті.
Семинардың мақсаты — пән мұғалімдерімен физика сабақтарында қолданылатын цифрлық платформалар мен инновациялық әдіс-тәсілдер бойынша өзара тәжірибе алмасу. Семинарға қала және аймақтағы бірқатар білім ұяларының ұстаздары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар жиыны ұйымдастыру, практикалық, теориялық бөлімдер бойынша жалғасты. «Бүкіләлемдік тартылыс заңы», «Электр зарядының сақталу заңы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілсе, сыныптан тыс жарыс сабақ пен мұғалімдер арасында шебер сынып ұйымдастырылды.
Жиын соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Т.Ералиев сөз алып, семинардың жоғары деңгейде өткенін айтып қорытындылады.
Сарыағаш ауданы білім бөлімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *